50390
Ақтауда екі үйдің ортасындағы қуысқа құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтауда екі үйдің ортасындағы қуысқа құлаған бала жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтауда 17 жастағы бозбала тұрғын үй шатырынан құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
Оқиға 8 қыркүйек сағат 22.45-те 16 шағынаудандағы 59-үйде болған.
«2006 жылы туған жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.Жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.
«Адал» тұрғын үй кешенінің құрылысын салушы – «Интерьер Строй Актау» серіктестігі. Үйдің құрылысы 2020 жылы басталған, 7 қабат, 4 кіреберістен тұрады. Әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады», - делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.