Астанада ғылыми-отбасылық фестиваль өтті

Астанада ғылыми-отбасылық фестиваль өтті

Астанада ғылыми-отбасылық фестиваль өтті
ашық дереккөзі
50614
Бүгін Астанада PRO.NRG FEST балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар  фестивалі өтті.  
PRO.NRG FEST – бұл танымдық отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. Аталған фестиваль Қазақстанда екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Фестиваль аясында елордадағы Оқушылар сарайында күні бойына лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді.
Бұл ғылыми-отбасылық фестиваль STEAM-білім беру жүйесін дамытып жүрген «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасымен өткізіледі. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды қызықты жағынан зерттеуге көмектесетін ұмытылмас тәжірибе сыйлады.
«Бұл отбасылық фестиваль осымен екінші жыл өткізіліп жатыр және екінші жыл барлық жас ерекшелігіндегі адамдар біздің миссиямызға қосылып жатыр. Біз білімге деген ынтаны қолдауға тырысамыз және зор кері байланыс алып отырамыз. Осы жолы біз еліміздің барлық аумағынан ізденіс үстінле жүрген көп қазақстандық спикерлерді шақырдық. Еліміздің әр өңірінен келген 50-ден астам ұстаздар өздерінің инновациялық тәсілдерін бөлісті. Сонымен қатар, біз басқа қалалардан, елдерден келген көптеген қонақты да қарсы алдық. Білім мен ғылымға деген ұмтылыс адамдарды ерекше шабыттандыратыны", – дейді «Caravan of Knowledge» білім беру қорының басшысы Зарина Биюмбаева.
PRO.NRG FEST –  сондай-ақ STEAM ұстаздарына арналған білім беру және нетворкингтік платформа. S – science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) и M – mathematics (математика). Бүгінде STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сонымен қатар, барлық бес пәнді біріңғай білім сұлбасына интеграциялауға негізделген.
Фестиваль қатысушылары түрлі зерттеу жасап, жаңалық ұсынып жүрген ұстаз-новаторлармен танысты. Одан бөлек, фестивальде 2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалында қазақстандық оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.

Серіктес жаңалықтары