Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
ашық дереккөзі
50726

Елімізде өткен аптада бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп жазды turkystan.kz.

Апта басында Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ал бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Айдарбек Сапаров Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Бұл уақытқа дейін Жамбыл облысының әкімі болған Нұржан Нұржігітов жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі, ал Ерлан Нысанбаев Экология және табиғи ресурстар министрі болды.

Сонымен қатар өткен аптада бірқатар өңірдің әкімдері тағайындалды. Атап айтқанда, Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының, Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының, Марат Ахметжанов Ақмола облысының, Асхат Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бозымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі, ал Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары