50657
Бағбан ақыл-есі кем оқушыны абайсызда өлтіріп алған
Бағбан ақыл-есі кем оқушыны абайсызда өлтіріп алған
Новосібір облысында тұратын бағбан отын дайындау кезінде ақыл-есі кем 7-сынып оқушысын абайсызда өлтіріп алған. Бұл туралы Аргументы и Факты хабарлады.
Бочкарёво ауылындағы бау-бақша серіктестігінде жұмыс істейтін 29 жастағы азамат өз үйіне отын дайындау үшін орманға барған. Көмектесуге әріптесінің ақыл-есі кем 14 жастағы баласын ертіп апарған.
Бағбан отын аралап жатқанда аңтарылып тұрып қалған баланың үстіне бұтақ құлаған. Оқушы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды.
Бағбанға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.