БҚО Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

БҚО Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

БҚО Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
51101
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы басшысы лауазымына Талғат Рақымұлы Нығметов тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Талғат Рақымұлы Нығметов 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтын «Мәдени-ағарту жұмысы» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Орал облысы Фурманов аудандық халық театрының суретшісі болып бастады. Әр жылдары Фурманов аудандық мәдениет үйінде әдіскер, «Орал» шипажайының мәдени-ағарту қызметкері, «Уральскпромстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы, Бөрлі аудандық әкімшілігінің жастар спорт және туризм жөніндегі комитетінің төрағасы, Бөрлі аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, «ЖаңаӘлемҚұрылыс» ЖШС директорының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімі бас инспекторы, Орал қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Діни істер комитетінің Батыс Қазақстан облысы Діни істер департаментінің директоры, Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарған. Тағайындауға дейін дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы болды.

Серіктес жаңалықтары