1358
Жаманқұловтың ісі бойынша жаңа фигуранттар пайда болды
Жаманқұловтың ісі бойынша жаңа фигуранттар пайда болды
"Феникс" фильміне бөлінген бюджеттік қаржыны жымқырған іс бойынша жаңа фигуранттардың есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талгат Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина және "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақовалармен қатар, қаражат жымқыру және қылмысқа сыбайлас болу күдігіне мына бес адам ілініп отыр:
- Гизат Сұлтанов - сценарист. Ол Жәнібековпен бірге "Феникс" фильмінің сценариін жазған. Ол кинокартинаның редакторы болып тағайындалған.
- Илья Коробейников - іс материалдары бойынша жеке кәсіпкер.
- Бижан Әбішев - "Феникс" фильмінің екінші режиссері болған.
- Марлен Әбішев - Тергеудің мәліметінше, ол "Феникс" фильмінің дайындығында түсірілім тобының директоры болған.
- Данияр Әбдіқадыров - Соталды тергеу кезінде оның Жаманқұловпен жұмыс істеген ЖШС өкілі болған.