Елена Рыбакина ештеңе ұтпайды – мамандар

Елена Рыбакина ештеңе ұтпайды – мамандар

Елена Рыбакина ештеңе ұтпайды – мамандар
ашық дереккөзі
50418
Әйгілі ESPN телеарнасының мамандары келесі жылы өтетін «Үлкен Дулыға» турнирлерінің жеңімпазы кім болатынын болжады. Мамандардың болжауынша, 2024 жылы Australian Open турнирінде ерлер арасындағы сында Карлос Алькарас, ал әйелдер арасындағы сайысты Кори Гауфф жеңіп алады. Ал «Ролан Гаррос» турнирінде Рафаэль Надаль мен Ига Швентек жеңімпаз атанады. «Уимблдон» турнирінде Новак Джокович пен Онс Жабер жеңіс тойын тойласа, маусымның соңғы ірі турнирі – US Open-де Бен Шелтон мен Арина Соболенко титул иегерлері атанады. Бұл тізімде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің төртінші ракеткасы, 2022 жылы «Уимблдон» турнирінде жеңімпаз атанған Елена Рыбакина жоқ.

Серіктес жаңалықтары