Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін

Көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру көзделіп отыр.

Қазақстанда көлік салығы жойылуы мүмкін
фото: aikyn.kz
1438

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин көлік салығын жою мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бұл мәселе жаңа Салық кодексі аясында талқыланып жатыр. Ол сән-салтанат салығымен бірге кешенді түрде қарастырылады. Шынымен де көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру нұсқасы талқылануда. Бірақ, оны тыңғылықты қарастырған жөн. Өйткені, біз саралаймыз. Көлік салығы қозғалтқыш көлемі 4 немесе 3,5 литрге дейінгі автомобильдер үшін жою көзделетін шығар. Қазір қосымша есептеулер жүргізіп жатырмыз», деді Азамат Әмрин Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте.

Оның атап өтуінше, көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырған жағдайда жанармай бағасы қымбаттайды.

«Біз шамамен 80 млрд теңге көлік салығын жинаймыз, шамамен 5 млн тонна мұнай өнімдерін пайдаланамыз. Егер көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырар болсақ, онда бензин бағасы 14 теңгеге қымбаттауы тиіс», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары