Төрт өңірде боран салдарынан жол жабылды

Төрт өңірде боран салдарынан жол жабылды

Төрт өңірде боран салдарынан жол жабылды
ашық дереккөзі
315
«Қазавтожол» РМК Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында республикалық маңызы бар жолдар  жабылғанын хабарлады. Бүгін Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі), Щучинск-Макинск бағытында («Астана-Петропавл» 231-197 шақырымы) көліктің барлық түріне жол қозғалысы шектелді. Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі), Комсомольское кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде (Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай»   83-234 шақырымы) көліктің барлық түріне жол жабылды. ШҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) Глубокое селосынан Шемонаиха қаласына дейін бұрылыстан 15-102 учаскеде қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысы шектелді. Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) мына жолдарда көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды: 1.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай»   231-389 шақырым,   Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі учаске; 2.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»   108-232 шақырым,   Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;    3.«Екатеринбург-Алматы»   686-729 шақырым,  Сарыкөл кенті шекарасынан СҚО шекарасына дейінгі учаске.  

Серіктес жаңалықтары