Қазақстанда өндірілген тұздан шыны үгінділері табылғаны рас па?

Қазақстанда өндірілген тұздан сынған шынының үгінділері табылғаны туралы ақпарат тарады.

Қазақстанда өндірілген тұздан шыны үгінділері табылғаны рас па?
ашық дереккөз
1303

Әлеуметтік желіде Қазақстанда өндірілген тұздан сынған шынының үгінділері табылғаны туралы ақпарат тарады. Дегенмен, бұл – тарағанына біраз уақыт болған фейк ақпарат, яғни жалған, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторы тұзды суда ерітеді, біраз уақыттан кейін ыдыстың түбінде ерімей қалып қойған қалдықты көрсетіп, шыны деп топшылайды. Оған қалдықтың кристалл тәрізді қатты, мөлдір, өткір болғаны себеп болған.

Негізінде, бұл бейнежазба 2019 жылы Ресейде тараған, тұздың Қазақстандық "Аралтұз" өнімі екені де белгілі болған. Сол кезде "Аралтұз" компаниясы тұздың құрамындағы шыны туралы қауесетті жоққа шығарып, арнайы мәлімдеме де жасаған.

Компания бұл тұнба піспеген тұздың бөлшектері екенін айтқан, бұл бөлшектер суда ериді, бірақ ол үшін ұзақ уақыт керек екен. Сонымен қатар, денсаулыққа қаупі жоқ, олардың белгілі бір мөлшерде өнім құрамында болуына заңда тыйым салынбайды.Тұзда әйнек жоқ екенін тәуелсіз зертханалық талдау мен эксперимент жүргізген ресейлік БАҚ растаған.

Яғни, бұл – бұрын да таралған фейк ақпарат. Оған сенудің қажеті жоқ, – деп түйіндейді stopfake.kz.

Серіктес жаңалықтары