1891
Енді мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған баспананы сатып алуға болады
Бірақ жекешелендірудің өзіндік шарттары бар.
Енді қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға алған баспаналарын сатып ала алады, деп хабарлады turkystan.kz.
Үкімет тиісті заң жобасы бойынша оң қорытынды шығарды.
"Үкімет "сатып алу құқығынсыз" деген ұғымды жойып, тұрғындарға жалға берілетін тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік берді. Бірақ жекешелендірудің өзіндік шарттары бар. Қалдық құны бойынша және нарықтық құн бойынша сату нұсқалары қарастырылды. Әлбетте, ол нарықтық баға бойынша болмайды. Қалдық құны бойынша болады. Қазір жекешелендіру түрлері қарастырылуда. Заң қабылданбайынша, мен нақты түсініктеме бере алмаймын, бірақ жекешелендіру болады", – дейді Астана қалалық Тұрғын үй басқармасы және Тұрғын үй инспекциясының басшысы Әнуар Саипов.
t.me/stankznews