1390
Түркістан облысының мұғалімдері күнделікті енді қағазға толтырады
Мектеп директорына сөгіс берілді.
Түркістан облысы Аққұм ауылының мұғалімдері интернет іздеп, көрші ауылға сабылмайтын болды, деп жазды turkystan.kz.
Өңірдегі Білім сапасын бақылау департаментінің ұйғарымымен ұстаздар электронды форматта рәсімделетін құжаттарын енді қағазға толтырады.
Мұндай өзгеріс мектепке жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылғанға дейін күшінде болады.