9347
"Өлімнен кейінгі өмір" туралы жаңа зерттеу жарияланды
Жүрегі тоқтап, кейіннен аман қалғандардың 40%-ы жүрегі тоқтаған соң қандай сезімде болғанын, дыбыстар мен бейнелерді есте сақтағаны анықталды.
Бұдан бұрынғы мифтерді жоққа шығаратын "өлімнен кейінгі өмір" туралы жаңа зерттеу жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz resuscitationjournal.com-ға сілтеме жасап.
Зерттеуге дейін жүрек тоқтағаннан кейін адам ештеңе сезбейді деген тұжырым болған. Бірақ жүрегі тоқтап, кейіннен аман қалғандардың 40%-ы жүрегі тоқтаған соң қандай сезімде болғанын, дыбыстар мен бейнелерді есте сақтағаны анықталды.
Яғни, мидың белсенділігі — сана жұмысын тоқтатпаған. Кей адамдар тіпті реанимация кезінде айтылған сөздерді тура қайталапты.
"40% адам есін білген, бұл — таңғаларлық", — дейді зерттеу авторлары.