Арзан маникюр: Тырнағын бояймын деп, саусағынан айырыла жаздады (ФОТО)

Екі тырнағы күйіп қалған.

Арзан маникюр: Тырнағын бояймын деп, саусағынан айырыла жаздады (ФОТО)
amalfibeauty.ru
1992

Мәскеудегі сұлулық салондарының бірінде маникюр жасатқан қыздың бірнеше күннен кейін тырнағы түсіп қалған. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады Life.ru-ға сілтеме жасап.

Салонға барып, гель, лак жағып, маникюр жасатқан Мәскеу тұрғынының бірнеше күннен соң тырнағы түсіп қалған. Содан соң саусақтары қатты ауырған. Маникюр маманы оған протез жасау туралы ұсыныс айтып, кінәсін жуып-шайғысы келген. Алайда, ол ауруы жан шыдатпаған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Тексеріс кезінде маникюр жасау кезінде оның екі саусағы күйіп қалғаны белгілі болды. Әрі құралдар арқылы тырнағының астына бактерия түскен. Ол тырнағын қалпына келтіруге қыруар қаржы жұмсаған. Қазір денсаулығына зиян келтірген сұлулық салон мамандарынан материалдық және моральдық шығын өндіріп алуды көздеп отыр.

 Telegram / SHOT
Фото:  Telegram / SHOT

Дәрігерлердің айтуынша, кейінгі кезде мұндай жайт жиі кездесетін болды. Оған маникюр жасауға қажет материалдардың 15-20 пайызға қымбаттауы себеп болуы мүмкін. Сондықтан көп мамандар арзан әрі сапасыз материал қолданады.

 

Серіктес жаңалықтары