Қостанай облысында алданған зейнеткерге 3 миллион теңгесін қайтарып берген такси жүргізушісі марапатталды

Заттармен бірге 3 миллион теңге беріп жіберген.

Қостанай облысында алданған зейнеткерге 3 миллион теңгесін қайтарып берген такси жүргізушісі марапатталды
alau.kz
2707

Лисаковск қаласында алданған зейнеткерге 3 миллион теңгесін қайтарып берген такси жүргізушісі марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін 87 жастағы зейнеткердің ақшасын қайтарып берген такси жүргізушінің ерлігі туралы жазғанбыз.

Лисаковск қаласында тұратын зейнеткерге әлдебіреулер хабарласып, қызының жол апатына түскенін, оның ем-домына тез арада 3 миллион теңге қажет екенін айтқан. Ойланбастан бар жиған-тергенін сөмкеге салған зейнеткер такси шақырып, жүргізушіге сөмкені алаяқтар айтқан мекен-жайға апарып беруін өтінген. Алайда, такси жүргізушісі бұл жерде бір гәп барын сезіп, полицейлерге хабарласқан.

Ал бүгін зейнеткерге көмектескен такси жүргізуші Серік Нағашыбаевты Лисаковск қаласы полиция бөлімінің басшысы Қазыбек Бисембаев, Лисаковск қаласының прокуроры Ермек Шуақбаев, сондай-ақ Ардагерлер кеңесінің  төрағасы Алмат Батпанаев марапттап, алғысын жеткзіді. Бөлім басшысы Серікке қол сағат пен алғыс хат табыс етті.

Серік өз сөзінде мұндайға бей-жай қарай алмағанын айтты.

— Біз бір-бірімізге көмектессек, тәртіп орнайды. Тек мұқият болу керек. Қызына зат апарып беру керек деп шақырған зейнеткерді көргенде менде бір күмән пайда болды. Түйсігім алдамапты. Заттармен бірге ол 3 миллион теңге беріп жіберген. Бәлкім, мұндай оқиғалар алаяқтардың қолына түсіп қалмауға септігін тигізер, – деді Серік.

Серіктес жаңалықтары