«Екі ай жүрдім»: Балғынбек Имаш өзін алаяқ деп айыптағандарға жауап қайтарды

Ол қазір әр адам өз қателігін мойындамай, кінәні өзгеден іздейтін заман дейді

«Екі ай жүрдім»: Балғынбек Имаш өзін алаяқ деп айыптағандарға жауап қайтарды
ult.kz
2263

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш өзін алаяқ дегендерге жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салсақ, заңгер Айгүл Орынбек «Аманат хоум» салымшылары шағымданып жатыр деп көмек сұрап жатқанын айтқан болатын. 

«Балғынбек Имаш сізге сеніп ақша салған адамдардың ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады!» - деді заңгер.

Айгүл Орынбек жазбасында көпбалалы ананың алданғаны туралы скриндерді бөліскен. 

Айтыскер ақын заңгердің айыптауларына жауап берді. 

«Кім не айтпай жатыр? Қазір әр адам өз қателігін мойындамай, кінәні өзгеден іздейтін заман ғой. Баласы жаман болса нағашы кінәлі, сабағы жаман болса мұғалім кінәлі, тұрмысы нашар болғанына әкім кінәлі, біреуге алданса, таныстырған адам кінәлі. Әйтеуір, өзіміз түзу, қалғаны қисық деген психология», - дейді айтыскер Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.

Балғынбек Имаш салымшыларды ең алдымен кооператив дегенді түсінбейтінін айтады.

«Ол жерде төраға үй әпермейді, адамдар ұжымдасып, бір-біріне үй әпереді. Егер кооперативке жаңа мүшелер кірмесе, үй әперу тоқтайды. Сондықтан, проблема туындайды. «Аманат хоум» деген кооперативке Көңілбай Шүкенов деген жігітке сеніп, кіргенмін. Кейін өз ішінен шу шығып компания екіге бөлінді. Мен құжаттарына қарап, бір тарапты жақтадым. Екі ай жүрдім, олар мен қойған шарттардың бірін де орындамаған соң шығып кеттім. Одан кейін мүлдем араласпадым», - дейді ақын. 

Серіктес жаңалықтары