Дәрігерлерден дер кезінде көмек алмаған қостанайлық ауруханадан 4 миллион теңге өндіріп алды

Қостанай ауданының тұрғыны аудандық аурухана дәрігерлерін сотқа берген.

Дәрігерлерден дер кезінде көмек алмаған қостанайлық ауруханадан 4 миллион теңге өндіріп алды
pixabay.com
2256

Қостанай ауданының тұрғыны аудандық аурухана дәрігерлерін сотқа беріп, 4 миллион теңге өндіріп алған, деп хабарлады turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы ішкі істер органында қызмет ететін тұрғын жұмыс уақытысында денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Алайда, оған дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпегендіктен, науқастың аяғы семіп, ақырында 3-топтағы мүгедек ретінде тіркелуге мәжбүр болған.

Қостанай аудандық соты шағымданушының арызын қарап, 4 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алу туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары