1628
Қостанай тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды», - деп жазылған хабарламада.
Сотталған діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған.
2023 жылдың 20 қыркүйегінде үкім заңды күшіне енді.