35 жастағы Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының екінші айналымында ұтылып қалды

Ол бұған дейін әлем біріншіліктерінде төрт қола және бір күміс жүлде иеленген.

35 жастағы Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының екінші айналымында ұтылып қалды
kazakhstan__wrestling
1152

Әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері, грек-рим күресінің шебері Алмат Кебіспаев Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолынан шет қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сербия астанасы Белград бозкілемінде 67 келіде белдескен ол алғашқы кездесуінде ресейлік Аслан Висаитовты айқын басымдықпен жеңді. Алайда келесі кездесуінде француз Мамадасс Силлге 9:10 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, бұған дейін әлем біріншіліктерінде төрт қола және бір күміс жүлде еншілеген Алмат жарысты аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Алмат Кебіспаевқа Алматыдағы сауда үйінде төбелес шығарды деген айып тағылған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары