«Жастарға жұмыс»: Түркістан облысының тұрғыны жоба аясында мектепке жұмысқа тұрған

Мен жәрмеңкенің арқасында Қасымбек датқа ауылындағы №64 орта мектепке іс жүргізуші болып, жұмысқа кірдім.

«Жастарға жұмыс»: Түркістан облысының тұрғыны жоба аясында мектепке жұмысқа тұрған
924

«AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асырып жатыр. Жобаның басты мақсаты – жастардың жұмысқа орналасуына әрі көтерген бастамаларын жүзеге асыруына жәрдемдесу. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының барлық филиалы республика аймағында «Бос орындар жәрмеңкесі» жобасын жиі ұйымдастырып отыр. Сондай жәрмеңкелердің біріне барып, жұмыс тапқандардың бірі – Сұлушаш Оразбай.

Түркістан облысы Сайрам ауданында тұратын Сұлушаш «Жастарға жұмыс» жобасының аясында ұйымдастырылған «Бос орындар жәрмеңкесі» арқылы  жұмыс тапқан.

«Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз деп тіркелуге бардым. Тіркелгеннен кейін 15 қыркүйек күні «Бос орындар жәрмеңкесі» өтетінін айтты. Бағымды сынап көрейін деп шештім. Негізі, екі қолға бір күрек табылады. Тек осындай жәрмеңкелердің көмегі көп тиеді. Мен жәрмеңкенің арқасында Қасымбек датқа ауылындағы №64 орта мектепке іс жүргізуші болып, жұмысқа кірдім. Сондықтан ауыл-аймақтарда жұмыс қарастырып жүрген мен секілді жастарға жол көрсетіп, жөн сілтейтін осындай жобалар көп бола берсін. Мамандығым бойынша жұмыс тапқаныма қуаныштымын», – деді Сұлушаш Оразбай.

 Сұлушаш «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде адамдар бос жұмыс орындарының бар-жоғын біліп қана қоймай, қажетті мәлімет алып, жұмыс жағдайын нақтылай алуға мүмкіндік бар екенін айтады.

Айта кетсек, «Жастарға жұмыс» жобасы 2023 жылдың қаңтарында басталды. Жарты жылда елімізде 120-дан астам бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары