1503
32 жастағы әйел қатты жөтел салдарынан қабырғасын сындырып алған
Ауру әйелдің денесінде D дәруменінің жетіспеушілігінен туындаған.
Қытайдың 32 жастағы тұрғыны қатты жөтеліп, қабырғасын сындырып алды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласының тұрғыны өзін Лу деп таныстырды. Ол жөтел басталған уақытта ұйықтап жатқан. Оянғанда, қатты ауырсынуды сезініп, медициналық көмекке жүгінген.
Дәрігерлер науқастың кеуде қуысының томографиясын жасап, оң жағында қабырғасының сынғанын анықтады. Оған қатты жөтел, сондай-ақ науқаста анықталған остеопороз (сүйек тінінің баяу ыдырау процесі) диагнозы әсер етуі мүмкін. Ауру әйелдің денесінде D дәруменінің жетіспеушілігінен туындаған.