Бургердің ішінен таблетка тауып алған тұрғын полицияға шағымданды

Таблетканы тауып алған соң дереу медициналық тексерістен өткен

Бургердің ішінен таблетка тауып алған тұрғын полицияға шағымданды
Видеодан скриншот
971

Америка тұрғыны тез тамақтану мейрамханасында сатып алған бургердің ішінен таблетка тауып алған, деп хабарлайды turkystan.kz Dailydot.com-ға сілтеме жасап.

Ол бұл туралы TikTok-тағы жеке парақшасына бөліскен. Онда бургердің ішінде алқызыл түсті таблетка тауып алғаны көрініп тұр. Ол әлгі мейрамханаға балаларымен бірге тамақтануға барғанын, кейін таблетканы тауып алған соң дереу медициналық тексерістен өткенін айтады.

Содан соң ол полицияға шағымданған. Тексеріс кезінде мейрамханада аспаз болып жұмыс істейтін қызметкердің бургер ішіне таблетканы абайсызда түсіріп алғаны белгілі болды.

 

Серіктес жаңалықтары