Елімізде стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылған – министр

Келесі жылы GPS-датчиктердің көмегімен қоқыс шығаратын техника іске қосылмақ.

Елімізде стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылған – министр
UKIMET телеграм каналы
1007

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында кезекті Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте ел аймағын қоқыстан тазарту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ол өткен жылдың қорытындысына сәйкес ғарыштық мониторинг көмегімен анықталған стихиялық қоқыс үйінділерінің 77%-ы жойылғанын айтып жеткізді.

Министрдің мәлімдеуінше, қоқыс орындарының ең көп саны Ақмола облысы бойынша – 830 (оның 88%-ы жойылды) және Қарағанды облысында – 745 (оның 99%-ы жойылды).

Осы жылдың мамыр айынан бері 5578 қоқыс орны анықталып, оның небары 50%-ы жойылды. 

Қоқыстарды жою жұмыстарының төмен көрсеткіштері Абай және Маңғыстау облыстарында – 16%, Ұлытау облысында – 20% және Астанада – 30% тіркелді.

Бүгінде GPS-датчиктердің көмегімен қоқыс шығаратын техниканың қозғалысын бақылаудың ақпараттық жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Келесі жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Серіктес жаңалықтары