3307
Қостанайда есірткі сатумен айналысқан екі студент қыз 10 жылға сотталуы мүмкін
Студенттер төрт ай бойы есірткі сатумен айналысқан
Қостанайдағы колледждердің бірінде оқыған 19 жастағы екі студент қызға биыл қаңтар айында есірткі сатумен айналысқан деген айып тағылған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.
Анастасия Савостьянова мен Ангелина Антипенко төрт ай бойы есірткі сатумен айналысқан. Олар есірткіні Петропавлден тасымалдаған. Студенттер есірткіні көпқабатты тұрғын үйлердің кіре берісіне және тағы басқа жерлерге тығып, сатқан. Қаңтар айында қыздарды ұстау кезінде ішінде ұнтағы бар 50 орам, ал олардың жалдамалы пәтерінен 192 грамм синтетикалық мефедрон есірткісі табылған.
Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Ең аз дегенде қос бойжеткен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.