Қырғыз Республикасы мемлекеттік туын өзгертпек

Тиісті заң жобасы жария талқылауға шығарылды.

Қырғыз Республикасы мемлекеттік туын өзгертпек
Ашық дереккөз
1879

Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кенеш депутаттары мемлекеттік тудағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынып отыр, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев пен депутат Ұлан Примов тиісті бастама көтерген.

Олардың сөзінше, Ту бейнесінің мағынасын екіұшты түсіндіруді жою үшін шаралар қабылдау қажет.

“Осыған байланысты Қырғыз Республикасының туындағы сәулелердің пішінін толқын тәрізді сәулелерден күн сәулелеріне айқын ұқсайтын пішінге өзгерту ұсынылады”, - делінген анықтамада.

Қазіргі таңда Тудағы күн сәулесінің жаңа эскизін жасау үшін бастапқы кезеңде әзірлеуші авторлар жұмылдырылды. Олар математикалық есептеулер, сызбалар және басқа жұмыстар жүргізумен айналысатын болады.

Серіктес жаңалықтары