Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам жоғалып кетті

3 айдан бері хабар-ошарсыз.

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам жоғалып кетті
Polisia.kz
808

Шымкентте 48 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай АПБ-на жергілікті азаматша інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Әпкесінің айтуынша, бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.

Егер суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бірден полицияның «102» арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар.

 

Серіктес жаңалықтары