1779
Қазақ қыздары түрік актерімен суретке түсу үшін төбелесіп қалған
Фан-кездесу кезінде қыздар актер тұрған сахнаны қоршап алған.
Желіде Алматыда түрік актері Бурак Өзчивиттің жанкүйерлерінің атақты адаммен суретке түсу үшін төбелесіп қалғаны, тіпті әлдекімнің бекерден-бекер таяқ жеп қала жаздағаны туралы видео пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Фан-кездесу кезінде қыздар актер тұрған сахнаны қоршап алған.
Өзчивитте бөлмеден шығуға тырысқанда да қиындықтар болды, қыздар актердің көлікке жетуіне мүмкіндік бермей, төбелес тудырды.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті айыптады.
Бурак Өзчивит Малкочоғлу Бали Бей рөлін сомдаған «Керемет ғасыр» телехикаясынан кейін танымал болды.