Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі аштық жариялады

Жер телімін заңсыз сатты деген күдікке ілінген Ермек Имантаев төрт күннен бері тамақ, су ішпеген.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі аштық жариялады
diapazon.kz
1484

Жер телімін заңсыз сатты деген күдікке ілінген Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі, «Ақтөбе» СПК төрағасы Ермек Имантаев уақытша ұстау изоляторында аштық жариялады, деп хабарлады turkystan.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ол төрт күннен бері тамақ та ішпеген. Бұрынғы әкім істі біржақты қарауға осылайша наразылық білдіруді жөн санаған. Ол қылмыстық істің қаралу тәсілімен келіспей, объективтілікті талап етеді. 

Имантаев ақпан айында қамауға алынған. Алғашында ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінгенімен, кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «Қоғамдық жолмен бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша аса ірі мөлшерде жасалған адам». Оқиға 24 гектар жер телімін ревизиясыз, арзандатылған бағамен заңсыз сату туралы болып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары