Саяси Давос

Саяси Давос

Саяси Давос
ашық дереккөзі
226
Жуырда Мюнхендегі өткен қауіпсіздік туралы конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Осы беделді форумның ағымдағы жылдағы негізгі бағыты  болашақтағы трансатлантикалық қарым-қатынастар мен НАТО және қауіпсіздік және қорғаныс саласындағыхалықаралық ынтымақтастық айналасында шоғырланған. Іс-шара барысында Батыстың Ресеймен қарым-қатынастары, Сириядағы соғыс және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жағдайлары мен басқа да беделді тақырыптар жөнінде пікірталастар орын алды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы “Еуразия жарылымдары” атты қызықты пікірталастардың бірінде сөз сөйледі, мұнда Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев, Эстония президенті Керсти Кальюлайд, Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили және Украина бұрынға премьер-министрі Арсений Яценюк орын алды. Қ.Тоқаев өзінің кіріспе сөзінде аймақтық мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастар орнату жөніндегі маңыздылығын айтып кеткен болатын. Спикер Қазақстанның басқа мемлекеттермен нақтылы аумақтық даулы мәселелері жоқ екенін анықтап кеткен болатын, оның себебі әлемдегі ең ұзын Қазақстан мен Ресей жер шекарасымен қоса барлық шекаралар толығымен бөлінген. Қ.Тоқаев Қытай концепциясы “Бір аймақ, Бір жол” алдыңғы аймақтық экономикалық қарым-қатынастарға, транзиттің әлеуетінің өсуіне және Еуразиядағы жаңа өндірістік қуаттарының көзін құру үшін өзінің оңды беделін тигізетінін атап өткен.Осы тізбектегі маңызды рөл сондай-ақ Ресейге тиесілі екенін айтты. Сондай-ақ, Спикер Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің ұйымының лауазымындағы Қазақстанның басымдықтары жайлы хабардар етті.Ол ядролық қарулар мен ядролық материалдардың таралу проблемасы мен террористік ағымдардың қолына түсуін жол бермеуін айтып кеткен болатын. Сонымен қатар, Қ.Тоқаевтың сөзі бойынша, Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті нығайтуды, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде белсенді жұмыстарын нығайту шараларын ары қарай жалғастырмақ. Бейресми “Саяси Давос” деп аталатын биылғы Мюнхен форумында 600-ге жуық қонақ қатысты, оның ішінде 30 мемлекет және үкімет басшылары, парламент спикерлері, министрлер, ықпалды саясаткерлер, дипломаттар, әскери сарапшылар өзінің қызықты идеялары мен нанымдарын білдірген болатын. Мысалы, БҰҰ Бас хатшысы, Антонио Гутерриш, ұйымның реформасын бастамалық ететінін мәлімдеді.Оның айтуынша, ол әлемдегі дағдарыстық жағдайларды дер кезінде қолға алу үшін керек екенін айтып кетті. “Әлемде алып жатқан жаһандық мәселелер: климаттық өзгеруі, халық санының өсуі, су тапшылығының жетіспеушілігі мәселелерін шешуде мемлекеттер арасындағы тек жақсы қарым-қатынастар арқылы жетуге болады”- деп әлемнің негізгі халықаралық ұйымының Бас хатшысы айтып кеткен болатын. «Ислам өзі терроризм көзі емес, және исламшыл топтарға қарсы күресте мұсылман мемлекеттері тартылуы тиіс»-деп  Германия канцлері Ангелі Меркель айтып кеткен болатын. Германия канцлері әлемдік қауіпсіздікті нығайту үшін  ЕО сияқты көп ұлттық ұйымдарды күшейтуді ұсынды. Ол НАТО алдында өз құқығын орындап жатқанын айтып, әскери шығыстарының ЖІӨ-нің 2% дейін жеткізуімен қоса ЕО-тың ары қарай иммигранттарды ары қарай қабылдау керектігін жөн көретінін айтты.  width= Саясаткерлермен қатар, форум жұмысына «Microsoft» қалаушысы Билл Гейтс және U2  рок тобының көшбасшысы Боно қатысты. Гейтс алдағы уақытта биологиялық қаруды қол жетімді болуы үшін молекулярлық билогияны дамыту жөнінде конференция қатысушыларының назарын осы бағытқа түсірген болатын.Әлемдегі ең бай адамдардың бірі ондаған миллион адамдар биолологиялық лаңкестіктердің арқасында жойылып кетуі мүмкін екендігін айтып кеткен болатын. “Біз денсаулық қауіпсіздігі мен халықаралық қауіпсіздік арасындағы байланысты өз тәуекелімізге орай ескермейміз”- деп Гейтс айтып кеткен болатын. Оның сөзі бойынша, “ауа арқылы берілетін патоген бір жыл кемінде 30 млн. адамдарды жоя алады”- деп әскери операциялар сияқты індеттерге дайындалуына шақырды. “Ар-ождан” елшісі А.Боно өзінің сөзінде: “Егер де адам баласы білім дәрежесін көтермесе, жұмыспен қамту және мүмкіндіктерді көбейтпесе, онда кез-келген ел бүгінгі таңдағы сияқты Сириядағы гуманитарлық дағдарыспен соғысып қалуы мүмкін”- деп атап өткен болатын. “ Әлем саяси институттарсыз өз мағынасын жоғалтып алады”- деп түйіндеп кеткен болатын. Астанада өткен конференция және Сирия жөніндегі процесіне қатысқан қатысушылар да кезектен тыс назардан шыққан жоқ, себебі олардың ойынша, бұл жиын Женева консультацияларына мүлдем балама емес. Сирия БҰҰ арнайы өкілі Стефан де Мистура Астанада өткен келіссөздердің басқа бейбіт бастамаларға қарағанда  зор болашағы бар екенін атап өтті. “Біз Астанадағы процесстің жүруінің қолдауымыздың себебі: онда нақтылы тақырыптың болуы- атысты тоқтату,сенім шараларын қалпына келтіру, гуманитарлық көмектер жайында сөз қозғалуы болды ”- деді ол.

Арсен Дилим, Мюнхен

Серіктес жаңалықтары