Халық 10-15 жыл баспана кезегінде тұрмауы керек – Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Шарлапаев болашақта баспана кезегінде тұрғандарға үй беру тәртібі жеңілдеуі мүмкін екенін де айтты.

Халық 10-15 жыл баспана кезегінде тұрмауы керек – Өнеркәсіп және құрылыс министрі
ашық дереккөз
748

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй кезегін оңтайландыру бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылап, мәжіліс қабырғасына жібергенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы министр журналистердің сұрағына берген жауабында айтты.

“Біз кезекті басқаруды ұлттық даму институтына беруді жоспарлап отырмыз. Ол – "Отбасы банкі". Қазір бұл нұсқа қызу талқыланып жатыр. Осылайша, банк (тұрғын үй) кезегін басқарумен айналысады. Нәтижесінде бұл кезек толық цифрландырылады. Мысалы, біз тұрғын үй комиссиясынан бас тартқымыз келеді. Олар тұрғындарға баспананы беруді үйлестіріп, тиісті шешімді қабылдап отыр. Біз түсінікті және нақты ережелер болғанын қалаймыз. Мысалы, қабылдайтын түзетулердің бірі – адамдардың 20 жыл кезекте (тұрғын үй кезегі) тұрмауына қатысты. Біз мұндай жағдайдың болғанын қаламаймыз”, - деді министр.

Шарлапаев болашақта баспана кезегінде тұрғандарға үй беру тәртібі жеңілдеуі мүмкін екенін де айтты. 

“Түзетулердің бірінде жеңілдік берілетін келесі құрамға өтпес бұрын бір жыл ішінде басымдық берілген барлық топ бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етілуі керек деп жазылған. Біріншіден, бұл кезек санының төмендеуін көздейді. Екіншіден, кезекті бөлу принципі мен үйді тезірек алу маңызды. Себебі адамдар өз пәтерлерін 10-15 жыл күтпеуі керек”, - деді Қанат Шарлапаев өз сөзінде.

 

Серіктес жаңалықтары