2140
Қазақстанда қытай көлігін талап алып жатыр
Бағасы арзан көліктің сапасы қандай екені белгісіз.
Жапон көлігі даңқы мен дақпыртынан айырылып қалды, деп хабарлайды Turkystan.kz. «Қазақстанның Автокөлік Одағы» ЗТБ дерегіне сүйеніп.
2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында «Toyota» брендімен шығатын автокөліктердің сатылымы - 11,1%-ға төмендеді. Hyundai Tucson сауда көрсеткішін 76,4% - ға, Kia Sportage 95,3% - ға жеткізді. Ал қытай көліктері оза шапты.
Есепке алынған кезеңдегі сатылымда Chery +268,8%, Jac +119,5%, Haval + 629%, Exeed + 314,3% деген нәтиже көрсетті.
Автоәуесқойлардың қытай көлігіне ерекше ықылас танытуына баға саясаты тікелей әсер етіп жатыр. Әзірше сапа мәселесіне ешкім бас қатырып жатқан жоқ. Бағасы арзан қытай көлігінің сапасы қандай екенін уақыт көрсетеді.