Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағы құрылды
Нотариаттық палаталар құқықтық саладағы ынтымақтастыққа басымдық береді.
Анкарада нотариаттық палаталардың төрағалары «Түркі әлемі елдерінің нотариаттар одағын» құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Ресми рәсімге Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан Әділет министрлері, Қырғызстан Әділет министрінің орынбасары және Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы қатысты.
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев өз сөзінде түркі әлемі елдері арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастық пен дамудың маңыздылығын атап өтті.
Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Нотариаттар одағының құрылуы ТМҰ елдеріндегі тұрақтылықты нығайту және құқықтар мен мүдделерді қорғаудың маңызды құралы болатынын баяндады.
Жиынға қатысушылар нотариат саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және заң қызметін дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдері Түркі мемлекеттері ұйымының мүшесі саналады.