Қатарынан бес жеңіліс: «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті

Андрей Скабелка астаналық «Барыс» ХК бас бапкері қызметінен кетті

Қатарынан бес жеңіліс: «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметінен кетті
ХК Барыс
989

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Скабелка қатарынан бес жеңілістен кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Беларусь маманы бұдан былай астаналық команданы жаттықтырмайды. Команданың баспасөз қызметі бүгін осындай мәлімдеме жасады.

«Андрей Скабелка «Барыстың» бас бапкері қызметінен кетті. Беларусь маманы «Барысты» 2018 жылдан 2020 жылға дейін, команда Гагарин кубогының плей-оффтың екінші кезеңіне екі рет шыққанда, сондай-ақ 2022/23 маусымында жаттықтырды. «Барыс» Андрей Владимировичке клубтың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы карьерасында сәттілік тілейді!

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып 2009 жылдан бері клубтық жүйеде жұмыс істеп келе жатқан Ғалым Мәмбеталиев тағайындалды.

«Барыс» жүйесіндегі командалардың бапкерлер штабындағы өзгерістер туралы ақпарат кейінірек жарияланады», – делінген «Барыс» клубының ресми хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары