Израиль «соғыс жағдайы» режимін енгізді

Бұл ендігі жерде ауқымды әскери операциялар жүргізілетінін білдіреді.

Израиль «соғыс жағдайы» режимін енгізді
Ашық дереккөз
1584

Израиль билігі елде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың канцеляриясы мәлімдеген, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Израиль мемлекетіне қарсы соғыс кеше 06:00-де (сенбі, 7 қазан, 2023 жыл) Газа секторының қанқұйлы террорлық шабуылдарынан басталды", - делінген хабарламада.

Канцелярияның нақтылауынша, шешім "соғыс жариялау немесе ауқымды әскери іс-әрекеттерді бастау" кезінде құқықтық шеңберді айқындайтын "Басты заң: Үкімет" деп аталатын құжаттың 40-бабының негізінде министрлер кабинетінің рұқсаты арқылы қабылданды. 

Еврей халқында бұл заң Конституцияның орнына жүретін басты заңдардың бірі саналады, себебі бұл елде нақты Конституцияның өзі жоқ, тек орнына қолданылатын негізгі заңдар мен түрлі құқықтық құжаттар бар.

Серіктес жаңалықтары