Түркістанға «түркі әлемінің туристік астанасы» статусы берілмек

Отырыс аясында 12 қазан күні халықаралық туристік форум өткізу жоспарлануда.

Түркістанға «түркі әлемінің туристік астанасы» статусы берілмек
Ашық дереккөз
2581

11 қазан күні Түркістан қаласында түркі мемлекеттері ұйымы туризм министрлерінің VIIІ отырысы және туризм жөніндегі жұмыс тобының XVIII отырысы өтеді. Онда Түркістанға «Түркі әлемінің туристік астанасы» арнайы статусы берілмек, деп хабарлады turkystan.kz.

Форумның басты мақсаты – түркі әлемінің туристік астаналары арасында байланыс орнату және Түркістан қаласымен таныстыру.

Ауқымды жиынға Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, ҚР Туризм және спорт министрі, Түркістан облысының әкімі, түркі елдерінің туризмге қатысты министрліктерінің басшылары, ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, туризм саласы және қоғамдық қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

Серіктес жаңалықтары