1228
Көктайғақ, жаңбыр: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер сейсенбі, 10 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады.
Мамандардың болжамынша, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Сондай-ақ республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.
Бұдан бөлек, метеорологтар бүгін Қызылорда облысында өрт шығу қаупі сақталатынын, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.