Apple компаниясында Стив Джобс атындағы театр ашылады

Apple компаниясында Стив Джобс атындағы театр ашылады

Apple компаниясында Стив Джобс атындағы театр ашылады
ашық дереккөзі
177

2017 жылдың сәуір айында Apple компаниясының қызметкерлеріне арналған 70 гектар жерді алып жатқан жаңа кампус ашылады. Бұл туралы компания өзінің ресми сайтында хабарлады. «12 мың қызметкерді жаңа жерге көшіру үшін 1,5 жыл уақыт керек. Ал ғимараттар құрылысы жаздың соңына дейін жалғаса бермек», делінген хабарламада.

Apple Park деп аталатын кампус Санта-Кларада орналасқан. Жаңа штаб-пәтердің бас ғимараты 26 гектар жерді алып жатыр. Сонымен қатар кампуста мың орындық Стив Джобс атындағы театр ашылады.

— Стив Apple Park болашақ ұрпақ үшін инновация орталығына айналғанын қалады. Қызмет кеңістігі мен көлік қоятын орын, барлығы да қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жасалған. Ол біздің команданы жігерлендіреді деп ойлаймын. Біз әлемдегі ең тиімділігі жоғары ғимарттардың бірін салдық: кампус тек қайта жаңартылатын энергия көздері арқылы жұмыс істейтін болады, деді Apple компаниясының басшысы Тим Кук. Штаб-пәтер мен театрдан басқа кампуста  Apple Store дүкені, дәмхана, үлкен фитнес-орталық, зерттеу жасауға арналған жабық ғимараттар болады. Сонымен қатар көлік тұрақтарының маңында жеміс-жидектер отырғызылып, қызметкерлер үшін 3 км-ге созылған жүгіру жолдары салынады.

Серіктес жаңалықтары