Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Қазақстанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?
Scs.edu.au
1032

Бір жылда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 5,7% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы керісінше 3,9% төмендеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі де өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2% төмендеді.

«Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үй жылдық мәнде баға Павлодар – 18,9%, Семей – 16%, Ақтау – 11,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көш басында Семей (25,3%), Қызылорда (14,6%), Талдықорған (9,7%) қалалары, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Қарағанды (24,8%), Қонаев (24,6%), Қызылорда қалалары (22,5%)», – делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 398 мәміле тіркелген. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 815 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 26 583 мәміле жасалды. 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда (38 810) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 8,8%-ға азайды.   

«Мәміле саны бойынша Астана (6 731 – 19%) және Алматы (6 436 – 18,2%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 041 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 319 бірлік (0,9%)», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары