Қазақстанда 7 туроператордың қызметі тоқтатылды

Заңнама талаптарын орындамаған 7 турфирма лицензияларының қолданысы уақытша тоқтатылды.

Қазақстанда 7 туроператордың қызметі тоқтатылды
Ашық дереккөз
753

Бұл Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан азаматтарының туризм бағытындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп, келесі компаниялардың қызметіне уақытша тыйым салды:

- ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 жылы берілген № 22021332 лицензия. Шараны Алматы қаласы Туризм басқармасы қолданды;

- Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия, Алматы қаласы Туризм басқармасы;

- B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия, Алматы қаласы Туризм басқармасы;

- «ТВВ тур» ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 лицензия, Алматы қаласының Туризм басқармасы;

- LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;

- «Бархатный сезон» ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;

- Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 лицензия, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы шара қабылданды.

Аталған туроператорлар өз қызметін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды. 

Аталған компаниялар Қазақстан азаматтарының шет мемлекеттерге туризм саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері болып табылады. Алайда олар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.

Қазіргі уақытта, "Е-лицензиялау" (e-licence.kz) мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған/белгіленген бұзушылықтар жойылмаса, уақытша тыйым мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады, - делінген министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Серіктес жаңалықтары