Тоқаев 5G енгізуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтау керегін айтты

Сондай-ақ Тоқаев қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды.

Тоқаев 5G енгізуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтау керегін айтты
ашық дереккөз
815

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін барлық ауылдарды ұялы байланыспен қамтуды тапсырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Ол бұл мемлекеттің тиімді шешімдер қабылдауының негізгі шарты болатынын айтты.

5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр, – деді Тоқаев.

Президент 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген еске салды.

Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс. Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды, – деді Ел басшысы.

Сондай-ақ Тоқаев үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтап, қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырды. 

Серіктес жаңалықтары