Қазақстанның үздік құтқарушыларының бірі Ауғанстанға жіберілді

Дмитрий – халықаралық деңгейдегі құтқарушы, азаматтық қорғау жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

Қазақстанның үздік құтқарушыларының бірі Ауғанстанға жіберілді
Фото: ТЖМ
935

Қазақстанның үздік құтқарушыларының бірі Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солардың бірі – кинолог Дмитрий Денисов  және оның Чарли есімді төрт аяқты серіктесі.

Дмитрий – халықаралық деңгейдегі құтқарушы, азаматтық қорғау жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жұмыс барысында ол 1999 және 2023 жж. Түркиядағы жер сілкіністерінің салдарын жою жұмыстарына екі рет қатысты. Екі ретте де жұмыс афтершок қайталанған, жоғары қауіп-қатер жағдайында жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары