Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы болды

Осыған дейін түркі әлемінің мәдени астанасы Астана мен Түркістан қалалары болған еді.

Ақтау Түркі әлемінің мәдени астанасы болды
Ашық дереккөз
2473

Бұл шешім Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатқан Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен қабылданды. Яғни Ақтау 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды, деп хабарлады turkystan.kz Мangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, қуанышты жаңалықты халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының қазақстандық өкілі Бақытжан Омар жеткізген.

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің 40-отырысы өтті. Жиын барысында түркі әлеміне қатысты маңызды шешімдер қабылданды.  

"Бұл – үлкен жетістік. Себебі жыл бойы түбі бір түркі елдері Каспийдің жағасында бас қосып түрлі шаралар өткізеді. Бұл арқылы аймақтың туристік әлеуеті артады",- деді ҚР Халықаралық Түрксой ұйымының өкілі Бақытжан Омар. 

Серіктес жаңалықтары