Украина президентінің Ақ үймен болған диалогқа көңілі толады

Украина президентінің Ақ үймен болған диалогқа көңілі толады

Украина президентінің Ақ үймен болған диалогқа көңілі толады
ашық дереккөзі
212
Украина президенті Петр Порошенко АҚШ президенті Ресеймен тығыз қарым-қатынасқа ұмтылады деген болжамға қарамастан, Ақ үймен болған диалогқа қанағаттанатынын жеткізді.
Порошенко 22 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамппен, Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонмен және вице-президент Майк Пенспен телефон арқылы әңгіме оптимизмге жетелейді деді. Ол «Біздің АҚШ-пен диалог жақсы келе жатқанына қуанамын», - деді. Украина лидері бұл мәлімдемені Киевтің басты одақтастары Украинаның шығысындағы соғысты тоқтату келіссөзінен нәтиже шықпай отырғанына алаңдаушылық білдіріп жатқан кезде жасады. Ресей мен Украина 19 ақпанда күшіне ену керек болған келіссөзге сәйкес, жанжал аймағынан ауыр техникаларды алып кету керек болған. «Шынын айтқанда бітім келісімі орындалмай отыр, бұл алаңдаушылық туғызады. Тараптардың уәдені орындамауы келіссөз процесінің құлауына жауапты болады», - деген Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль.

Серіктес жаңалықтары