Бүгін бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік жүреді

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Бүгін бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік жүреді
Ашық дереккөз
875

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгінге, 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. 

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Серіктес жаңалықтары