Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Ясмин Дүйсембаева финалда Болгарияның өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
ҚТФ
735

Теннисші Ясмин Дүйсембаева Испанияның Санта Понса қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Ясмин финалда Болгарияның өкілі Майя Михованы 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Ұлдар арасында тағы бір теннисшіміз Ахмади Маханов финалға дейін жетіп, корт иесі Томас Мартинден 1:6, 1:6 есебімен жеңілді. Ал жұптық сында Ахмади Балқан Нұрдәулетпен бірге финалда словакиялық Леонард Нипц пен украиналық Егор Романюттан 6:1, 6:2 есебімен басым түсіп, жеңімпаздар қатарына қосылды. Әдемі Әлсейпулова нидерландтық Пиппа Фенниспен бірге финалда испаниялықтар Пелас пен Бельтранға есе жіберді. Есеп – 3:6, 4:6.

 

Серіктес жаңалықтары