«Реал» аңызы Бенземаға лаңкестік ұйыммен байланысы бар деген айып тағылды

Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен өзінің отандасы, Франция құрамасының футболшысы Кәрім Бенземаға осындай айып тақты.

«Реал» аңызы Бенземаға лаңкестік ұйыммен байланысы бар деген айып тағылды
Алексей Филиппов/ РИА Новости
1456

Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубында ойнайтын, Франция құрамасының футболшысы Кәрім Бенземаның лаңкестік ұйыммен байланысы барын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Кәрім Бензема мырзаның «Мұсылман бауырлар» ұйымымен байланысы бар», — деп келтірді министрдің сөзін Marca.

Бензема 15 қазанда Палестинаны қолдап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Бұл үшін оны француз журналисі Даниэль Риоло, сондай-ақ Израиль құрамасының экс-голкипері әрі Дуду Ават сынға алған еді.

Серіктес жаңалықтары