1311
Жазушы Қали Сәрсенбай бір кездері отбасымен тауық қорада, гаражда тұрғанын айтты (ВИДЕО)
Жазушының айтуынша, жастық шағында түрлі жағдай болған.
Жазушы, журналист Қали Сәрсенбай «Алғашқы» бағдарламасында отбасымен тауық қорада, гаражда тұрған кезі жайлы әңгімеледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Айтуынша, жастық шағында түрлі жағдай болған. Басында баспанасы болмаған соң, түрлі жерде тұруға тура келіпті.
«Гаражда да, далада да тұрдық. Құдай-ау, жұрттың тауық қорасында да тұрдық. Тіпті бір үй болды, бергі жағында сиыр тұрады. Соның ішінен үйімізге кіреміз. Сондай жағдай көп болды, - дейді журналист.
Жазушы 90-жылдың көктемінде, 17 наурызда алғашқы баспанасына қол жеткізгенде жұбайы екеуі қуаныштан көз жасына ерік бергенін айтады.