Қазақстан Ресейге 106 түрлі тауарды экспорттауды шектеді

Шектеу батыс санкцияларына байланысты қойылды.

Қазақстан Ресейге 106 түрлі тауарды экспорттауды шектеді
ашық дереккөз
1005

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтан Ресей мен Украина қақтығысы басталғалы Қазақстан РФ аумағына қандай тауарлар экспортын тоқтатқанын сұрады, деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Жалпы, біз барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек Ресейге соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектедік. Бұл тізімге 106 түрлі тауар енді. Біз олар бойынша экспортқа мүлдем тыйым салдық»,– деді Қ. Төребаев.

Бұл тұрғыда вице-министр аталған өнімдердің арасында қақтығыс кезінде қарудың бөлшегі ретінде пайдалануға болатын тауарлар шектелгенін нақтылады.

«Олар соғысқа қатысты тауарлар. Осы өнімдер Ресейге шығарылмайды. Соның арасында қақтығыс кезінде қолданылатын дрондар, арнайы электроника, чиптер және басқа да құрылғылар бар», – деді министрлік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, аталған 106 тауар Қазақстанда өндірілмейді. Бұрындары бұл өнімдер еліміздің аумағы арқылы экспортқа шығарылған еді. Қазір осы тауарлар елімізге импортталғанымен, Ресейге шығарылмайды.

Серіктес жаңалықтары