Маңғыстау облысында жасөспірім аялдаманың есігін теуіп сындырған (ВИДЕО)

Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр.

Маңғыстау облысында жасөспірім аялдаманың есігін теуіп сындырған (ВИДЕО)
Видеодан алынған кадр
1211

Маңғыстау облысында жасөспірім қоғамдық көлік аялдамасының әйнек есігін сындырып, ал мұны досы видеоға түсіріп алған. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға қараңғы түскенде болады. Кадрда жасөспірімнің жүгіріп келіп, әйнек есікті тепкенін, кейін оның сынғанын көруге болады. Әйнекті сындырған жігіттер қашып кетеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаның Мұнайлы ауданындағы аялдамалардың бірінде болғанын хабарлады. Қазір полиция жасөспірімді іздестіріп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары