1584
Жүрсін Ерман айтыста сөйлеп тұрып жылап қалды
Айтысқа көрермен ретінде келген Жүрсін Ерманның көзіне жас үйірілді.
Ақын әрі айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман соңғы бірнеше жылын денсаулығына арнап, тіпті шетелде ем қабылдаған еді. Бүгінде ауыр оталарды басынан өткізіп, әдетте айтысты ұйымдастырып жүрген еңселі тұлғаның жүдеген кейпі көпшіліктің көңілін түсіргені айтылуда, деп хабарлады turkystan.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ақындар айтысында қонақтар қатарында көрермен болып отырған ақынның осыған дейінгі айтыс өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, сөз берілген сәтте көзіне жас үйірілді.
Жүрсін Ерманның жүдеңкі, небәрі бір жылда арықтап арбада отырғанын көргендер де көздеріне жас алған. Көпшілік оған денсаулық тілеп, рухани, психологиялық қолдау көрсетуге тырысып жатқандарын жазған.